Степногорскіде алтын шығаратын заңсыз цех анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Степногорскіде полицейлер алтын кенін өңдейтін заңсыз цехты анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ақмола ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында алтынды қазу, сатып алу және өңдеумен заңсыз айналысқан тұлғалар анықталды. Заводская ауылындағы бұрынғы арматура зауытының аумағында алтын шығаратын цех, атап айтқанда, уатқыш аппарат, жуу үстелі және жалпы салмағы 400 кг 13 қап алтын табылды», - делінген хабарламада.

Заңсыз қызметті 47 жастағы Степногорск тұрғыны ұйымдастырған, тінту барысында оның қосалқы үй-жайынан 10 гр шайма алтын табылған.

Қазіргі кезде осы факті бойынша ҚР ҚК 334-бабының («Жер қойнауын өз бетінше пайдалану») 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар