Степногорск қаласының прокуроры парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Степногорск қаласының прокуроры пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының Фейсбуктегі парақшасына  сілтеме жасап.

«Бүгін Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе Ақмола облысындағы мекемелердің бірінің басшысынан 2 млн теңге көлемінде пара алу кезінде Степногорск қаласы прокурорын ұсталды», делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК 366-бабының 2-тармағы (пара алу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүру үстінде. ​

Прокутатура бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайтындығын мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар