Степногорде өрт шыққан пəтерден 31 жастағы ер адамның мүрдесі табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының Степногор қаласында өрт шыққан пəтерден 31 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Имақұлов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2017 жылдың 12 желтоқсанында сағат 15:50-лер шамасында Степногор қаласының №16 мамандандырылған өрт бөлімінің байланыс пунктіне №5 шағын ауданда тұрғын үйдегі пəтерде өрт болып жатқандығы туралы ақпарат түскен.

Тілсіз жаудың салдарынан 17 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнынан 1986 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

Қазіргі кезде іс материалдары Степногор қалалық ІІБ тапсырылып, оқиғаның мəн-жайы анықталуда.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 11 айында республика бойынша барлығы 8 мың 891 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт сөндіру бөлімшелері 998 адамды (оның ішінде 241 бала) құтқарды.

Соңғы жаңалықтар