Степногорде «Хрустальный колос-2018» спартакиадасының алауы жағылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногорск қаласында қысқы облыстық «Хрустальный колос-2018» спартакиадасының алауы жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша осымен 32-ші рет ұйымдастырылып отырған спартакиаданың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, құттықтады.   

null  

«Бәсекеге облыстың әр ауданынан келген 700 спортшыдан құралған 19 команда қатысып, шаңғы жарысы, допты хоккей және биатлон тәрізді қысқы спорт түрлері бойынша сынға түсуде», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.  

Сап түзеген командалар алдында биатлоннан Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, ҚР бірнеше дүркін чемпиондары Изабелла Парманова және Арина Крюкова, Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиленушісі Айна Теміртасова, әйелдер күресі бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионы Нұргүл Нұрғалиева спартакиада жалауын көтерсе, дзюдодан спор шеберіне үміткер, ҚР чемпионатының қола жүлдегері, футзалдан Степногор қаласы құрамасының капитаны, Ақмола облысының бірнеше дүркін чемпионы Давид Клдиашвили жарыс алауын жақты.  Жарыс жеңімпаздары 3-ші наурыз күні анықталатын болады.
null 

Соңғы жаңалықтар