Степногорда жауынгер қарт адамды құтқарып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық ұлан жауынгері Аңсар Рүстем кеше таңертең үйінен қызметке шыға бере, қобалжыған көршісіне назар аударады. Сөйтсе, бекер емес екен. Егде жастағы әйел адам жас жігітке бірден мән-жайды айтып, есінен танып қалған жолдасына көмек көрсетуін сұрайды.

ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметінің хабарлауынша, уақыт жоғалтпастан жауынгер бірден үйге кіріп, жуынатын бөлмеде есінен танып жатқан көршісін байқайды. Мұндай сәттерде не істеу керектігінен хабардар Аңсар қарт адамның тамыр қағысын тексеріп, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Бұдан соң жедел жәрдем қызметін шақырады.

Осылайша дереу қабылданған шешім арқасында Аманжол Үкібаев ажалдан аман қалды. Ал жауынгер болса, өзінің бұл әрекетін кез келген азаматтың адал борышы деп санайды. Құтқарылған адамның отбасы Аңсарға қол ұшын бергені үшін үлкен ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар