Степногорда құтыруға қарсы дәрі шығаратын цех іске қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалиннің қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне тарту ретінде Степногор қаласында жабайы аңдардың құтыру вирусына қарсы екпе жəне өсімдік зиянкестеріне қарсы инсектицид шығаратын екі желі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық биотехнология орталығының филиалы "Өнеркəсіптік биосинтез" ҒЗИ" ЖШС зертханасында ашылған желі Оңтүстік Корея елінің зертханалық қондырғыларымен жабдықталған.

Серіктестік директоры Дархан Балпановтың айтуынша, Қазақстан нарығындағы екпенің 30 пайызға жуығы осы зертхана үлесінде.

"Ғылыми орталықтың жануарлар мен аңдардың барлық түрлеріне құтыруға қарсы екпе шығаруды қолға алып отыр. Қазірдің өзінде мамандар 10-ға жуық екпе түрі бойынша жұмыс істеуде. Орталықта 170 адам жұмыс істейді. Олардың көбі білікті мамандар. Елімізде құтыруға қарсы екпе тек бізде шығарылатындықтан, кəсіпорынның болашағы зор екеніне сеніммен айтуға болады", деп атап өтті кəсіпорын басшысы.

null 

Бұл жолы зертхана мамандары бұл дәрілік препаратты түлкі, қасқыр тәрізді жабайы аңдардың құтыруына қарсы жасап отыр. Оны, сондай-ақ, ит жəне мысыққа да егуге болады екен. Ал орталықтың осыған дейін үй жануарларына арнап шығарған екпесі қазір елімізде қолданыста. Негізгі тапсырыс беруші ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария комитеті.

Осы күні Степногор қаласында «Астана-Нан» ЖШС инсектицид шығаратын жаңа желі іске қосылды.

Аталған жоба егін шаруашылығымен айналысатын  еліміздің астықты өңірлерін аса қажет тыңайтқыштармен, зиянкестерден қорғайтын инсектицидпен қамтамасыз етуге айтарлықтай игі ықпалын тигізетін болады. ТМД елдерінің аумағында дәл қазіргі күні химиялық тыңайтқыштар мен химикаттар шығаратын мұндай ірі кәсіпорын жоқтың қасы. Шетелдік озық технологиямен жұмыс істейтін зауыттың жұмысы түгел автоматтандырылған. Кәсіпорын өнім құйылатын әртүрлі сыйымдылықтағы пластмасса құтыларды да түгел өзі шығарады.

null

Компания бүгінгі күні егіншілікке қажетті 30 астам түрлі химиялық тыңайтқыштар, зиянкестермен күреске арналған химикаттар шығарады. Жыл сайын 15 миллион литр жоғары сапалы гербицид пен пестицид өндіреді. Жаңа желі өнім көлемін 1,5 миллион литрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Еліміздің ірі астықты аймағы саналатын өңір үшін бұл желінің берер тағы бір игілігі - егістіктің гектар берекетін молайтуға  айтарлықтай  ықпалы болмақ.
Аслан Оспанов.

 

Соңғы жаңалықтар