Степногор қаласы əкімі аппаратының басшысын ұрып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Степногор қаласы əкімі аппаратының басшысын ұрып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, келеңсіз оқиға 9 қыркүйек күні болған. Бұл туралы Степногор қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне хабар сағат 07:45-те түскен.

«Зардап шеккен ер адам 1986 жылы туған. Ашық бас сүйек ми жарақатын алған. Қазіргі кезде, ер адам ауруханада ес-түссіз жатыр» деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Бейресми деректерге қарағанда, зардап шеккен азамат Степногор қаласы əкімінің аппарат жетекшісі Владимир Бессудный. Оны əлеуметтік желіде тараған бейне жазбадан байқауға болады. Онда түннің бір уағында жаяу келе жатқан зардап шегушінің соңына бетін тұмшалаған белгісіз ер адам түскені көрсетілген.

«Қазіргі кезде, күдікті анықталып, оны ұстау бойынша кешенді шаралар қолға алынуда. Сонымен қатар, зардап шегушінің жеке заттары ұрланғаны белгілі болып отыр», деп толықтырды баспасөз қызметінен.

Осыған оқиға байланысты ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлімі (қарақшылық) бойынша қылмыстық қозғалды.

Соңғы жаңалықтар