Спортшылар 2016 жылғы Олимпиада медальдарын қайтарып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спортшылардың 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада ойындары медальдарын жаппай қайтаруына медальдардағы қара дақтар мен тот басқандығы себеп болған.

Reuters агенттігі хабарлағандай, олимпиада ойыншылары ұйымдастырушыларға жүзге жуық медальдарды қайтарып берген, олардың басым бөлігі - қола.

Рио-2016 ұйымдастыру комитетінің қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Марио Андрада агенттікке ойыншылар тарапынан қайтарылған медальдардың қатарында 2016 жылғы Паралимпиада ойындарының жүлделері де бар екендігін хабарлады. Қазіргі уақытта Рио-де-Жанейроның монета сарайына 130 медаль қайта жасауға берілген. Нақты қай спортшылардың қайтарғандығы жайлы ақпарат жоқ.

Медальдардың алғашқы жиынтығы қайта өңдеуге өткен жылдың қазан айында келген, марапаттардың бұзылуына бірден-бір себеп - атлеттердің  оларды лайықты деңгейде сақтамағандығы. Медальдардың  бүлінген жерлеріндегі сырлы жабындылары жойылған. Сонымен қатар, 10 медаль қатты суықта бүлінген.

Бүлінген медальдарға байланысты Андрада Бразилияның монета сарайы барлық кемшіліктердің орнын толтырып, медальдарды қайтаратындығына уәде берді. 

Соңғы жаңалықтар