Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды. Аталған лауазымға Байжанов Бекболат Құстүтінұлы лайықты деп танылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байжанов Бекболат 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін дене тәрбиесі мәдениетінің оқытушысы, спорт жаттықтырушысы мамандықтары бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернатының әдіскері ретінде бастаған. Степногорск қаласының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің бас маманы лауазымдарын атқарған.

2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық спортты және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2016 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қызметін атқарып келді. 

Соңғы жаңалықтар