«Спартактың» бұрынғы жаттықтырушысы Павлодарға ұшып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің танымал спорт маманы Валерий Карпин бүгін таңертең Павлодарға ұшып келді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Мәскеудің «Спартагын», армавирдің «Торпедосын» және испандық «Мальорка» клубтарын жаттықтырған 48 жастағы маман  Павлодарға жергілікті клуб басшылығының шақыртуымен келді. Тараптар алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу мәселесін талқылайды.  Дегенмен, Карпиннің келуі  туралы  соңғы шешімді  облыс әкімі шығаратын болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін «Ертіс» өзінің ресми сайтына бас жаттықтырушы іздеп жатқанын жариялаған болатын. Үміткерге қойылар талаптар да біршама, оның ішінде Павлодарға өз қаражатымен келуі керек деген де тармақ бар.

Валерий Карпин Павлодар клубына келгелі отырған жалғыз жаттықтырушы емес. Үміткерлер қатарында грузин маманы Кахабер Цхададзе, армян Арам Восканян және аты-жөні  әзірге айтылмай тұрған қазақстандық маман да бар.

Соңғы жаңалықтар