Сотқа мас күйінде келген қостанайлық жазаланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. Қостанай - Қостанай облысында айыпталушы сот отырысына мас күйінде келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанай облыстық наркологиялық диспансер» мемлекеттік мекемесі науқас С-ны алты ай мерзімге алкогольден мәжбүрлеп емдеу туралы шағым түсірген. Бұл іс Қостанай қалалық сотында қаралуы тиіс болған. Алайда белгіленген сот отырысына 47 жастағы С. ішімдікке мас күйінде келген.

Сот қаулысымен облыс тұрғыны С. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы, 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, екі тәулікке қамауға алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар