Сот залында әйелін пышақтаған Қостанай облысының тұрғыны 15 жылға сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында сот залында әйелін пышақтаған 32 жастағы Жұматұлы Бекібаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 28 ақпан күні сағат 10.00-де Амангелді аудандық сотында сот отырысы басталғанға дейін азамат Н.Ж.Бекібаев өзінің жұбайы Ж.А.Таубаевамен сөзге келіп, күтпеген жерден аяқ киімінің ішінен пышақ алып шығып, оған бірнеше рет сұғып алған болатын. Жедел жәрдем шақырылғанымен Ж.Таубаева ауыр жарақаттан сол жерде қаза тапты.  

Соттың үкімімен Бекібаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, сот оған зардап шегуші отбасыға 1 млн 100 мың теңге көлемінде материалдық залал және 2 млн теңге сомасында моральдық залал төлеуге міндеттеді.

Сонымен қатар, сот облыстық білім беру басқармасына бұрын сотталған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін жеке үкім шығарды. Бұл оқиғаға дейін Бекібаев істі болса да, ауыл мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Олардың кәмелетке толмаған ұлы зардап шегушінің ата-анасының қамқорлығына берілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар