Сот үкімдеріне қатысты теріс пікірлер неге көп кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы соты іс бойынша үкімнің барлық түрінің құрылымын қайта қарастырады. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының кезекті жалпы отырысында Жоғарғы сот судьясы Ербол Рахымбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылдың ішінде еліміздің соттары шамамен 35 мың адамға қатысты 29 мыңнан астам үкім шығарды. Адамға шығарылған әр үкімнің артында оның тағдыры, оның жақындарының тағдыры тұр. Сондықтан үкім заңды, ал жазаның тағайындалуы әділ болуы тиіс. Барлық ережелер мен формаларға жауап беретін сапалы шығарылған әрі жасалған үкім сотқа деген құрмет қарым-қатынасының қалыптасуына, азаматта оның іс-әрекетінің дұрыстығына нанумен қатар сотқа деген сенімнің пайда болуына септігін тигізеді», - деді ол.

Оның айтуынша, процесске қатысушылар тарапынан үкімнің өздеріне түсініксіздігіне қатысты шағым жиі түседі.

«Судья шешім шығарды, біз одан ештеңе түсінбедік» немесе «бірнеше беттік үкім мәтінін оқып шықанымен ештеңе түсіне алмадық» дейтіндер көп. Әлеуметтік желіде кез келген бір үкімге қатысты теріс пікірлер молынан кездеседі. Егер оны оқып шықсаң, оқырманға бұрмаланған ақпараттың жеткендігі түсінікті болады. Ал бұрмаланған ақпарат қалай пайда болады? Әрине, нақты түзілмеген, күрделі тілде жазылған, артық сөздері көп үкімнен шығады», - деді Ербол Рахымбеков.
null 

Осы ретте Жоғарғы сот судьясы үкімдердің барлық түрінің құрылымын қайта қарауды, сот актілерін ұзын-сонар жазудан бас тартып, үкімді қысқа әрі түсінікті шығаруды ұсынды.

«Үкім рет-ретімен баяндалуы тиіс. Іске тікелей қатысы бар оқиғаларды ғана көрсету қажет. Бірнеше эпизодты істе оқиға хронологиясын сақтап, эпизодтарды санмен белгілеу арқылы бөлу ұсынылады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар