Сот Талғат Жәнібековтің бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сот Талғат Жәнібековтің бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

«Оны 2 айға қамауға алу туралы шешім күшінде қалды», - деді қорғаушы Серік Айтбаев.

Сот отырысына режиссердің 20-ға жуық әріптесі келген. Алайда, оларды сот залына кіргізбеді.

Айта кету керек, сот режиссер Талғат Жәнібековты 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарған болатын. Күдікті ҚР ҚК 189 бабының 4 бөлімі бойынша айыпталып отыр. Оған «Феникс» кинофильміне жұмсалған қаржыны жымқырды деген айып тағылды.

null  

Күдікті 12 шілдеде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын ақша жымқырды деп жариялаған болатын.

Шенеунік өзінің ар-ұятына кір келтірді деген желеумен режиссерді сотқа берген еді. Сот шешімімен ол айыпты деп танылып 500 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар