Сот сараптамасы кадрларына еңбекақы жаңа модель бойыншы төленеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі сот-медициналық сарапшылар еңбекақысын төлеуде келісімді тәртіпті енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл қадам бірқатар кадрлық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Бүгінде сот сараптамасы кадрлардың біліктілігінің төмендігін сезініп отыр. Сарапшылар - олар штаттағы қызметкерлер, яғни жұмыстың көлемі мен нәтижесін есептемей өзінің жалақысын алады. Осындай жағдайларда қызметкерлер кәсіби өсуде ынталандырушы тетіктермен қамтылмаған. Еңбекақы төлеудің жаңа формасы біліксіз кадрларды ығыстырып, нәтиже беретін қызметкерлерді қалдыруға жол ашады», - деді Марат Бекетаев.

Оның сөзіне қарағанда, болашақта келісімді төлем жасау сонымен қатар жекеменшік сот сараптамасын дамытуға мүмкіндік береді.

«Осы арқылы кадрлық тапшылық мәселесі шешіледі. Сот процесіне қатысушылар түрлі зерттеу көздерінен сарапшылық қорытындыны алады. Өз кезегінде мемлекеттік сараптама қымбат әрі қайталанбалы сараптамаларға шоғырланады», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Марат Бекетаев Әділет министрлігі сот сараптама қызметінің моделін өзгерту туралы күрделі шешім қабылдағанын жеткізді. Қайта жаңғыртудың мәні жаңа тетіктерді құру мен ескілерін өзгертуге негізделген. 

Сонымен қатар ведомство басшысы сараптама кезіндегі артық шығындарды атады. 

Соңғы жаңалықтар