Сот проблемалық «Expo Towers» нысаны бойынша істі тоқтатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы проблемалық «Expo Towers» ТК бойынша атқарылған шаралар туралы айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарма мәліметінше, Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 12 ақпанда тұрғын үй кешенінде кемшіліктерді жою тұрғысында міндеттемені қою туралы істі тоқтатты.

«Басқарма тарапынан Астана қаласы сотына апелляциялық шағым түсірілді», - деп атап өтілген ҚазАқпараттың ресми сауалына берілген жауапта.

Әкімдіктің хабарлауынша, Мемсараптама жұмыс жобасы негізінде 2016 жылы оңтайлы қорытынды берген және тұрғын үй кешенін 3-санатқа жатқызды. Бұл нысан 2017 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді.

Тұрғындар кешенге қоныстанғаннан кейін, көптеген кемшіліктерді анықтады. Олардың арасында кіреберістердегі әрлеу жұмыстарының аяқталмауы, қабырғалардың қисықтығы, дизель-генераторлық жабдықтың болмауы, автоматты өрт дабыл белгісі жүйесінің іске қосылмауы, бейнебақылаудың жоқтығы секілді кемшіліктер байқалды.

Шағымдардан кейін жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қортындысы бойынша құрылыс салушыға кемшіліктерді жою туралы нұсқама жасалды. Алайда бұл тапсырма орындалмағандықтан, материалдар Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Қарашада сот әкімшілік жазаға тартып, «Альтаир Жил Строй»  құрылыс салушысына 100 АЕК көлемінде айппұл салды. 

Соңғы жаңалықтар