Сот пен колледж өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысы А. Жұмамұратов пен Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің директоры М. Тобашов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлады.

 Рәсімге облыстық соттың кеңсе меңгерушісі, бөлім басшылары және қала орталығында орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Меморандумның мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына  Жолдауы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында  құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қоғамның биік, заңды мәдениетін құруға бағытталған ұлттық стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру. Сондай-ақ, тараптардың қызмет бағыттары бойынша өзекті мәселелерді шешу, соттардың білімін үздіксіз арттыруды тереңдету,  колледж оқушыларының өндірістік іс-тәжірибелерді облыс соттарында оқу бағдарламасына сай өтуіне ықпал жасау, жас мамандарды жұмыспен қамту, қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуы үшін іс-шараларды іске асыру.       

Шара барысында сөз алған Соттар әкімшісінің басшысы А.Жұмамұратов, оқытушылардың және оқушылардың қылмыстық, азаматтық  және әкімшілік істер бойынша ашық сот отырыстарына кедергісіз қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету сынды мәселелердің меморандум аясында шешімін тауып отыратынын айтты. 

Өз кезегінде колледж директоры М. Тобашов меморандум шеңберінде тығыз байланыста жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

 Тоқталып өтер болсақ, Елбасы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам атты еңбегінің  16-22-қадамдарында сот жүйесін жетілдіру мәселелері туралы жан-жақты айта келіп, нақты міндеттер жүктеген болатын. Ал осы еңбектің 77-қадамында: Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату керектігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар