Сот ҚазТАГ-тың экс-директоры Әсет Матаевты басқа колонияға ауыстырмады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  5 жылға сотталған «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бұрынғы бас директоры Әсет Матаев сотқа өтініш түсіріп, өзін басқа колонияға ауыстыруды сұраған болатын. Сот оның өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Әсет Матаев өзін қауіпсіздік деңгейі барынша төмен мекемеге ауыстыруды сұраған. Бүгінде сотталушы жазасын Қапшағай қаласы Заречный кентіндегі ЛА-155/14 жалпы режімдегі колониясында өтеуде. Қапшағай қалалық соты оның өтінішін қанағаттандырмады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 3 қазанында Астана қаласындағы Есіл аудандық сотында «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бас директоры қызметін атқарған Әсет Матаев пен Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевқа сот үкімі шығарылды. Матаевтарға «аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын ұрлады», «салық төлеуден жалтарды» деген айыптар тағылды. Нәтижесінде, Сейітқазы Матаев 6 жылға, ал Әсет Матаев 5 жылға сотталды. Сондай-ақ Ә.Матаевтың дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етілді.

Сотқа дейінгі тергеу нұсқасы бойынша, Матаевтардың барлық қылмыстық іс-қимылдарын қоса есептегенде мемлекетке 529 млн теңгеден астам зиян келген. 

Соңғы жаңалықтар