Сот Қарағанды облысындағы шаруа қожалығынан 20 млн. теңге өндіріп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот мемлекет пайдасына 130 бас ірі қара малды (ІҚМ) алу үшін шаруа қожалыққа (ШҚ) төленген 20,02 млн теңге көлеміндегі субсидия сомасын өндіріп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қарағанды облыстық ауылшаруашылық басқармасының шаруа қожалығынан сома өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды. Іс материалдары бойынша, асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыру мақсатында ШҚ-ға 20,02 млн теңге көлемінде субсидия төленген. Бұл субсидиялар 43 бас өгізше мен 87 бас бұзау алу үшін бөлінген. Қарағанды облыстық прокуратурасының дерегі бойынша, қол қойылған келісім аясында ШҚ ұдайы өндірістік мақсатта асыл тұқымды төлдейтін малдарды кем дегенде екі жыл, ал асыл тұқымды өгіздерді - кемінде екі маусым пайдалану бойынша өз мойнына алған міндеттерін орындамаған. Сондай-ақ, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған бюджеттік бағдарлама орындалмағандықтан, төленген субсидия бюджетке қайтарылуы керек.

Сот талапты қанағаттандырып, жауапкерден мемлекет пайдасына 20,02 млн теңге өндіріп алды. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар