Сот кәмелетке толмаған қызға Astana Mall орталығынан 100 мың теңге өндіріп берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы аудандық соты кәмелетке толмаған қыздың пайдасына моральдық залал үшін Astana Mall Trading орталығынан 100 000 теңге өндіріп берді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Astana Mall» Сауда ойын-сауық орталығының үшінші қабатында орналасқан дәретхананың кіре берісінде тақтайша еденге құлап, оның өткір сынығы кәмелетке толмаған қыз баланың аяғын жаралаған. Сауда орталығының қызметкерлері жарақат алған баланы қалалық ауруханаға жеткізіп, оған медициналық жәрдем көрсетілген. Осыған байланысты тақтайша плитканың құлауы мен баланың одан жарақат алу фактісін жауапкерлер сот отырысында да растады. Ал отырысқа кәмелетке толмаған баланың өкілі ретінде оның анасы қатысқан болатын», - делінген баспасөз баянында.

Сотқа дейінгі реттеу шаралары аясында «Astana Mall» Сауда ойын-сауық орталығы шағымданушыға 50 000 теңге көлемінде өтемақы ұсынған екен. Алайда, тараптар өтемақы көлеміне қатысты келісе алмаған.

«Осыған байланысты Алматы аудандық соты шағымданушының талаптарын ішінара қанағаттандырды. Соның ішінде «Astana Mall Trading» ЖШС есебінен моральдық залалы үшін ақшалай 100 000 теңге сомасында өтемақы өндіруге шешім шығарылды», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар