Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 2 °С
Алматы: 9 °С
USD 325.79 EUR 402.94
RUB 5.33 CNY 51.90
Жаңалықтар

Сот «АрселорМиттал Теміртау» компаниясынан 36 млн теңгеден астам ақша өндірді

2017 жылғы 11 тамыз 14:04 1347
Бөлісіңіз:
Сот «АрселорМиттал Теміртау» компаниясынан 36 млн теңгеден астам ақша өндірді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Көмір қорын өндіру және теміржол вагондарына тиеу түріндегі қызметтерді пайдаланған  «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы фирмаға 36 миллионнан астам ақшасын төлемеген. 

Осыған орай сот қала түзуші кәсіпорынның келісімшарттарын орындауын талап етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сот барысында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының тапсырысымен «ПромТехнология» фирмасы кен аршу жұмыстарын жүргізіп, көмір қорын өндіргендігі анықталды. Сонымен қатар, көмірді теміржол вагондарына тиеген.

Бұл жұмыстар келісімшартта көрсетілген. Алайда, «АрселорМиттал» АҚ өз міндеттерін орындамай, тиісті ақшаны төлеген жоқ. Осыған байланысты фирма оны сотқа беріп отыр.

«Компания келісімшарттарын бұзғандықтан, сот фирма талаптарын  толықтай қанағаттандырды.  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына 36 миллион 777 мың 327 теңге көлеміндегі қарызын өндіру үкімін шығарды», деп хабарлады Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты. 

 

 


Басты сөздер: Қарағанды облысы, Сот,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат