Сөндірілмеген темекіге бола 90 тонна шөп өртеніп кетті - Павлодар облысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сөндірілмеген темекінің тұқылы Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі кәсіпкерге 1 миллион теңге шығын келтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу және жедел іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері Павлодар облысы Луганск ауылының 26 жастағы тұрғынын қолға түсірген.

«Іздеу жұмыстарының нәтижесінде өрттің туындауына себеп болған күдікті қолға түсті. Ол қожалықтың маңында жүріп, сөндірілмеген темекі тұқылын лақтыра салған. Осының салдарынан қысқы мал азығына жиылған 90 тонна шөп өртеніп кеткен. Шаруа иесіне 1 миллион теңге залал келтірілген», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚК-нің 204-бабы 2-бөлігі (бөтен мүлікті қасақана құрту) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар