Сондерс: Қазақстанда тарихта болмаған ең тартысты жекпе-жек өткізуге әзірмін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) арнап, жаңа видео жазба жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

«Головкин, мен бабымдамын және сенімен жекпе-жекке шығуға сақадай-саймын және Қазақстанда тартысты айқас өткізуге де әзірмін. Кел, келісімшартқа қол қояйық! Егер Қазақстанда тарихта болмаған ең тартысты айқас өткізгің келсе, қане, көрсетейік!»- деді Сондерс.

Головкин - Сондерс айқасы Астанада маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесінің аясында өтеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта боксшылардың промоутерлері Том Леффлер мен Фрэнк Уоррен келіссөз жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар