Сондерс: Қазақстанда Головкиннен айқас басталмай тұрып жеңіле бастаймын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   WBO  тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинмен біріктірілген айқас үшін Қазақстанға келуге әзір екенін тағы мәлім етті, деп жазды   Sports.kz.

«Ол Қазақстанда айқасқысы келетін сияқты, себебі ол оның арманы. Егер Қазақстанға келсем, одан старттық гонг соғылмай тұрып екі раунд ұтыла бастайтынымды білемін.

Ол жаққа барып барлығын бәйгеге тігуге әзірмін, соның ішінде әлем чемпионы атағымды. Мен мұны өз арманымды іс жүзіне асырғым келгендіктен жасағым келеді. Себебі бұл, Головкиннің ғана емес, менің де арманым. Ол жаман жігіт емес, алайда бұл жай ғана бизнес. Біздің жекпе-жек тарихта қалуы мүмкін және мен өз бойымда оны соққыға жыға алатындай күш-қуат барына сенімдімін», - деп келтірді  оның сөзін Worldboxingnews.net.

«Егер Головкин айқасудан бас тартатын болса, онда оның орнына Коттомен қуана-қуана кездесер едім», - деді Сондерс.

Соңғы жаңалықтар