Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 332.80
EUR 390.57
RUB 5.60
CNY 49.88

Солтүстікқазақстандықтар қатерлі ісік қаупін мобильдік қосымша арқылы анықтай алады

Солтүстікқазақстандықтар қатерлі ісік қаупін мобильдік қосымша арқылы анықтай алады
2017 жылғы 12 тамыз 03:12 940

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қатерлі ісіктің пайда болу қаупін анықтауға мүмкіндік беретін «Онкоскрин» мобильдік қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Науқасқа бағдарланған мобильдік ресурсты жасау идеясы Кардиологиялық орталықтың рентген-хирургы Дмитрий Тёға тиесілі.

Ол кардиологиядан бөлек, үш жыл қатарынан асқазан қатерлі ісігінің скринингімен айналысып келеді. Дәрігер осы жылдар ішінде адамдар қатерлі ісік скринингінен үрейленетінін және олардың онкосырқаттар жайлы хабары аздығына көзі жеткен.


Солтүстікқазақстандықтар қатерлі ісік қаупін мобильдік қосымша арқылы анықтай алады
«Скринингілік топтарға жататындар арасында түсініспеушілік кездеседі, кейде олар тексеруден өтуге үзілді-кесілді бас тартады. Шетелде мұндай жоқ. Онда сақтандыру медицинасы өте қымбат және адамдар дер уақытында тексерілу асқынған жағдайларды емдеуге қарағанда арзан екендігін жіті түсінеді. Қосымшаны жасап шығару идеясы жүрек ақауларымен қоса, онкология түйткілдерін зерттеу үшін әртүрлі елдердің клиникаларында болған кезімде келді. Мұндай қосымшалар шетелде сұранысқа ие. Науқастар үшін цифрлы мобильдік бағдарламалардың көптеген сервистері бар. Бұл дәрігерге де, науқасқа да өте ыңғайлы әрі тиімді», - деп атап өтті Дмитрий Тё.

Идеяны іс жүзіне асыруға NEP (New Economic Platform) компаниясы көмектескен. Ол дәрігерді медицинадағы авторлық әзірлеушілердің командасына шақырған. Ресурсты жасап шығару ағымдағы жылдың мамыр айында басталды.

Дмитрий Тёнің айтуынша, СҚО әкімі жобаға қызығушылық білдіріп, оған қолдау көрсеткен. «Онкоскрин» қосымшасы маусым айында «Хакатон-2017» байқауына қатыстырылып, екінші орынды иеленді. Жобаны әзірлеушілер Түркияда тағлымдамадан өтуге грант алды.

Қосымша Play Market-ке қыркүйек айында енгізіледі. Ілкі жоба әзірге солтүстікқазақстандықтар үшін ғана қолжетімді. Кейін оны өзге өңірдің тұрғындары пайдалана алатын болады.

 

 

 

 

Басты сөздер: Солтүстік Қазақстан облысы, Медицина, Инновациялық жоба,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер