Солтүстік Кореядағы ядролық полигонда 200-ден астам адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореядағы Пунгери ядролық полигонындағы тоннельдің опырылуы салдарынан 200 адам қаза тапты. 

Бұл туралы оңтүстіккореялық KBS World Radio Жапонияның Asahi TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Апат 10 қыркүйек күні болған, алайда ол туралы ақпарат 31 қазанда ғана пайда болған. Дереккөздерге сүйенсек, құрылысы жүріп жатқан тоннельдің  құрылымдары құлап, соның салдарынан 100-ге жуық жұмысшы жер астында қалып қойған. Одан кейін тау жыныстары қайта қозғалып,  қайта опырылған. Салдарынан 100-ге жуық құтқарушы ажал құшты. 

Соңғы жаңалықтар