Солтүстік Корея түрмесінен босатылған америкалық студент қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяда насихаттық плакаттарды ұрлады және елдің беделін түсірді деп айыпталып 15 жылға сотталған америкалық студент Отто Фредерик Вомбиер қайтыс болды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Ол АҚШ-та көз жұмған. Қайтыс болған жігіттің туыстарының айтуына қарағанда, Вомбиер Солтүстік Кореяда түрмеге түскен кезде жан мен тән азабын қатты тартқан. Дәрігерлер оның бас сүйегі қатты зақымдалғандығын айтқан. Ол жан-жағында не болып жатқандығын және іс-қимылын бақылау қабілетінен айырылған.

22 жастағы жас жігіт бір жылдан аса уақыт комада жатқан.Ресми Пхеньян ботулизм дертіне шалдыққан студенттің ұйықтататын дәріні қабылдағаннан кейін жағдайының нашарлағындығын хабарлады.

Айта кетейік, 15 жылға сотталған Вомбиер Солтүстік Кореяға 2015 жылы 25 желтоқсанда Бейжіңнен туристік топ құрамында келген. Ол 1 қаңтар күні шетелдік туристерге арналған «Янгакто» қонақ үйінің қызметтік ғимаратына кіріп, ілінген саяси плакаттарды жыртып тастаған. Америкалық студент өзінің кінәсін толық мойындап, саяси арандатушылықтарға тап болғандығын айтты. Вомбиер маусым айының ортасында денсаулығының нашарлауына байланысты түрмеден босатылған еді.

Соңғы жаңалықтар