Солтүстік Корея спортшылары XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея спортшылары биыл 9-25 ақпанда Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Bloomberg және Reuters ақпарат агенттіктері Пханмунджом шекара бекетінде өтіп жатқан Сеул мен Пхеньян арасында келіссөз барысында белгілі болды деп жазды. Енді Пхеньян Қысқы Ойындарға спортшылармен қатар, жанкүйерлерді және арнайы делегацияны жібереді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бүгін таңертең Пхамунджом шекара бекетінде Корея Республикасы мен КХДР арасындағы қатынастарды қалыптастыру мақсатында келіссөздер басталғанын қабарлаған болатынбыз.

Кореяаралық келіссөздердің басты тақырыбы Сеул мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту, оның ішінде КХДР спортшыларын Пхенчанда өтетін қысқы Олимпиадаға қатыстыру болды.

Қазір Солтүстік Кореядан мәнерлеп сырғанаудан бір жұп жолдама алған. Қысқы ойындарға спортшыларды тіркеу аяқталып қойған. Бірақ Халықаралық олимпиада комитеті Солтүстік Корея спортшыларын тіркеуге дайын екенін мәлімдеді.

Қос тараптың келісөздер тобына бес-бес адамнан кіреді. Корея Республикасының делегациясын бірігу министрі Чо Мён Гён бастап келсе, КХДР жағына Кореяның бейбіт бірігу комитетінің төрағасы Ри Сон Гвон басшылық етеді.

Соңғы жаңалықтар