Солтүстік Корея Пхенчхандағы Олимпиадаға 22 спортшы жібермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчхандағы қысқы Олимпиадаға 22 солтүстіккореялық спортшы қатысады. Мұндай шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қабылдаған, деп жазады ВВС. 

Лозаннда өткен отырыс барысында ХОК КХДР-ге Ойындарға қатысуға квота ұсынған. Солтүстік Кореяның намысын қорғайтын спортшылар бес дисциплина бойынша спорттың үш түрінен өтетін жарыстарға қатысады: жүгіру, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және әйелдер хоккейі.

9 ақпанда өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатында КХДР мен Оңтүстік Корея «біртұтас Корея» жалауының астында бірге өтеді. Туды әр елдің бір-бірден екі спортшысы көтеріп жүреді.

ХОК басшысы Томас Бахтың айтуынша, КХДР спорт делегациясының құрамында 24 шенеунік пен БАҚ-тың 21 өкілі болады.

Біріккен әйелдер хоккей командасының құрамына Оңстүстік Кореяның 23 спортшысы мен КХДР-дің 12 спортшысы кіреді. 

Айта кетейік, бұған дейін біз Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты алышу рәсімінде қос Корея бір тудың астында спортшыларды бастап шығатындығы туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар