Солтүстік Қазақстаннан қоныс аударғандар Ресей мен Германияға кетуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысынан 9516 адам көшіп кеткен. Оның 6979-ы - Қазақстанның басқа өңірлеріне, 2359-ы - ТМД елдеріне және 178-і әлемнің басқа елдеріне қоныс аударған. Осы уақыт аралығында Солтүстік Қазақстанға 5273 адам керісінше, көшіп келген. Олардың 4664-і Қазақстанның басқа өңірлерінен, 554-і ТМД елдерінен және 55 адам әлемнің басқа елдерінен келген. Бұл туралы СҚО Статистика департаментінен мәлім етті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ТМД елдерінен Солтүстік өңірге көшіп келгендер саны - 19,1%, кеткендер саны 4,3% артты.

«Біздің облыстан шыққан эмигранттардың негізгі бөлігін Ресей Федерациясы (барлық кеткендердің 99%) қабылдайды. ТМД елдерінен облысқа келгендердің ішінен 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте ең үлкен үлес салмақты Ресей Федерациясынан (ТМД-дан барлық келгендердің 78%-ы) және Тәжікстаннан (8,7%) келгендер құрайды», - делінген таратылған ақпаратта.

Алыс шет елдерден облысқа келгендердің арасында Қытай мигранттары - 21 адамды, Германия - 13 адамды, Монғолия 8 адамды құрайды. Германия облыс тұрғындарының негізгі эмиграция елі болып қалуда, онда эмигранттардың 64% немесе 114 адам қоныс аударды.

Соңғы жаңалықтар