Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны жағдайы қауіпті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы қауіпті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатындағы парламенттік тыңдауда ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Солтүстік Қазақстанда қауіпті жағдай бар екенін айтқым келеді. Қарағанды және Ақмола облыстарында болған судың барлығы Сергеевка су қоймасына жақындады, сондай-ақ 138 пайызға нормадан аса толды. Арнадан тасыған су Петропавл қаласының айналысындағы ауылдарға қарай жайылуда. Қазіргі кезде онда 170-ке тарта үйді су басты»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, судың келуі деңгейі төмендегеннен кейін, оны ағызатын құрылғылар іске қосылатын болады.

Соңғы жаңалықтар