Солтүстік Қазақстанда жай түсіп, үш адам ажал құшты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылында 12 жасар бала мен екі ересек кісі найзағай түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Облыстық ТЖК мәліметі бойынша, қайғылы оқиға 16 маусым күні адамдар өрістен қайтқан малын қайырып алу үшін ауылдың шетінде тұрғанда болған. Бұл кезде найзағай ойнап, жаңбыр құйып тұрған. Бірінші жай балаға түскен. Оның ауылдасы дереу дәрігерді, ауыл әкімі мен уческелік инспекторды шақырған.

«Ауыл фельдшері мен жүргізуші оқиға орнын қарап жатқанда екінші рет найзағай түскен. Бұл жолы көмек шақырған 34 жастағы ер адам мен 39 жастағы фельдшерлік-акушерлік пункттің жүргізушісі ажал құшқан. Олардың денелеріне медициналық экспертиза жасалады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар