Солтүстік Қазақстанда тасжолдарда 280 жылыту бекеті ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше күн бойы аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңір тұрғындары үш күн бойы қатарынан 122 қызметінен аяз туралы хабарлама алуда. Мектептерде сабақтар тоқтатылып, жолдар жабық тұр.

СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камаловтың ақпараты бойынша, республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда 280 жылыту бекеті құрылған.

Іздеу-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін 14 топ ұйымдастырылған. Қар тазалайтын 700 техника дайындалып, 25 тонна бензин мен 65 тонна дизельдік отын қоры, 180 тонна тұз бен 1,7 мың тонна топырақ әзірленген.

«Ауа райына байланысты қыстың бірінші жартысында төтенше жағдай болмаған еді. 11 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстағы бірқатар аудандардағы республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысына шектеу қойылды. Қазір ауа температурасының төмендеуі салдарынан облыстық маңызы бар барлық тасжолдарда дизельдік көліктердің жолға шығуына тыйым салынды», - деп атап өтті Р. Камалов.

Өткен қыста СҚО-дағы тасжолдарда 37 рет жол қозғалысына шектеу қойылып, 26 рет ескерту жарияланған. 

Соңғы жаңалықтар