Солтүстiк Қазақстанда су тасқынының алдын алуға 7,8 млрд теңге бөлiндi

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкiмдiктiң отырысы өттi, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты .

 Отырыста жалпыға тегiн техникалық бiлiм жобасын iске асыру барысы талқыланды. Жоба аясында қызмет көрсету, техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша 2025 адам жұмысқа алынды. Нәтижелi еңбек және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасы аясында 6 ауыл колледжi 426 студенттi қабылдады. Биыл облыс колледждерiн 3677 түлек бiтiрiп шықты. Жұмысқа 2662-сы орналасты немесе 73 пайыз. Өңiр басшысы жастарды жұмысқа орналастыру мәселесiн жiтi бақылап отыру керектiгiн ескерттi. Сондай-ақ, кәсiптi ауыстыру бойынша жол картасын дайындауды тапсырды.

Отырыста қарттарды қолдау айлығы қорытындыланды. Оның аясында қайырымдылық сенбiлiгiне 149 мыңнан аса адам қатысып, 80 млн теңге ақша жиналды. Бүкiл қаржы қарттар мен мүгедектерге көмек көрсетуге бағытталды. Жалпы, айлық аясында 79486 адамға 145 млн теңге көлемiнде материалдық көмек көрсетiлдi.

Кәсiпорындармен байланысты үзген зейнеткерлердi анықтау жұмысы да жүргiзiлдi. 35 мыңнан аса қарияның 9 мыңы кәсiпорындарға тiркелген немесе 27 пайызы. Петропавл бойынша бұл көрсеткiш тек 1,8 пайызды құрайды. Өңiр басшысы қала әкiмiне жағдайды дұрыстап, барлық зейнеткерлердi кәсiпорындарға тiркеуге тапсырма бердi.

Отырыста көктемгi су тасқынын алдын алу мәселелерi де талқыға салынды. Биыл облыста бұл бағытқа 3,4 млрд теңге бағытталды. Келесi жылы 1,7 млрд, 2019 жылы 2,7 млрд теңге бөлiнедi. Үкiметтен биыл 3,1 млрд теңге Былғары зауыты кентiнде дамба салуға және автомобиль жолдарын жөндеуге жұмсалды. Қазiр құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Облыс әкiмi тасқынға қарсы жұмыстарға бөлiнген қаржының жеткiлiктi екенiн, барлық жұмыстарды уақтылы аяқтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар