Солтүстік Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы Н.Погодин атындағы орыс драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мәдениет саласы қызметкерлерін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің атынан әкімнің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

1

«Мемлекет басшысы атап айтқан меншікті ұлттық кодымызды, төл мәдениетімізді сақтап қалу қоғамдық сананы жаңғыртудың алғышарты. Ұлт көшбасшысы мақаласындағы бағдарламаны мәдениет, мұрағат және құжаттама салаларының қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Сіздердің әрқайсыларыңыздың күнделікті еңбектеріңіз қоғамымыздың шығармашылық қабілетін дамытуға, облысымызда бай мәдени орта қалыптастыруға ықпал етеді», - деді облыс әкімінің орынбасары.

2

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 350 мыңға жуық экспонат бар 12 мемлекеттік музей жұмыс істейді. Өңір мұрағаттарында бір жарым миллионға жуық құжат сақталған. Мемлекеттік кітапханалардағы кітап қоры 4 миллион дана кітап пен құжаттарды қамтиды. 

3

2,5 мыңға жуық солтүстікқазақстандық кәсіби мерекелерін атап өтуде. Көпжылдық шығармашылық еңбегі және Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін мәдениет саласының алты өкіліне облыс әкімінің құрмет грамоталары, төрт қызметкерге алғыс хаттар табысталды. 

4

Соңғы жаңалықтар