Солтүстік Қазақстанда құтқарушылар дамбаның іргесін бекітіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына ҚР ІІМ ТЖ комитетінің қосымша күші тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.

Астанадағы Орталық өңірлік мобильді жедел-құтқару жасағының өкілдері мен Алматыдағы Республикалық жедел-құтқару жасағы су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қатысты.

«Олар күрделі ахуалда Кожзавод кентіндегі адамдарды құтқарды. Құтқару жасағының қызметкерлері кенттегі қорғаныс дамбасын бекіту бойынша инженерлік жұмыстарды жүргізді. Дәл сол күні құтқарушылардың бір бөлігі Есіл өзенінің тасуы салдарынан су астында қалған Қызылжар ауданы Тепличное және Прибрежное ауылдарына жетті», - деді СҚО ТЖД төтенше жағдайлар салдарымен күрес бөлімінің бастығы Болатжан Асқарбеков.

Құтқарушылар Прибрежное ауылының өзінде 166 адамды, соның ішінде 23 баланы эвакуациялады. 

«Біз ҚР Ұлттық гвардиясы 6637 әскери бөлімінің жеке жасағымен, СҚО ТЖ, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерімен бірлесіп, қауіпті аймақтарда тәулік бойы үздіксіз кезекшілік ұйымдастырдық және қорғаныс дамбасын нығайту бойынша инженерлік жұмыстар жүргіздік», - деді ОӨМЖҚЖ құтқару тобының бастығы Елікбек Пейішбеков.

Құтқару жасағының бастығы  Виктор Гришай хабарлағандай, Тепличное ауылында ұзындығы 1200 м, тереңдігі 2 метрлік су өткізу каналында инженерлік жұмыстар жүргізіліп, ұзындығы 1200 м, биіктігі 1,4 метрлік қорғаныс дуалы тұрғызылды. 

Соңғы жаңалықтар