Солтүстік Қазақстанда қар құрсауында қалған 500-ден астам жолаушы эвакуацияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жексенбі күні қар құрсауында қалған 500-ден астам адам құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатты жел мен бұрқасын Айыртау, Темірязев, Жамбыл, Есіл, Аққайың, Тайыншы және Шал ақын аудандарындағы республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар тасжолдардағы көлік қозғалыстарына кедергі келтірді.
null 

Бір тәулік ішінде департаменттің кезекші диспетчерлік  қызметі басқармасына қар құрсауында қалған азаматтар туралы 1800-ден астам телефон қоңырауы мен хабарлама келіп түскен. Қар құрсауы туралы 32 жағдай тіркеліп, 578 адам, соның ішінде 93 бала және 196 техника құтқарылды.

Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 23 инженерлік техника мен жеке құрамның 45 адамы көмек көрсетті. Қаза тапқандар мен зардап шегушілер болмады.

Құтқарушылар атап өткендей, СҚО тұрғындары табиғи апат туралы алдын ала БАҚ және SMS хабарламасы арқылы құлағдар етілген. Облыс аумағында жексенбі күні кешке және бүгін барлық бағыттағы автокөліктер үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. 

Соңғы жаңалықтар