Солтүстік Қазақстанда қалқыма көпір су астында қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында алдағы екі күнде өзендердің арнасынан тасу қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметтеріне қарағанда, 20-21 сәуір күндері өңірде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді, жауын-шашын болады.

«Осыған байланысты Есіл, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласындағы өзендерде сең жүріп, су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін. Петропавл қаласында судың деңгейі қауіпті деңгейде тұр- 940 сантиметр (шабындықтарға жайылу деңгейі)», - делінген хабарламада.

Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келе жатыр. Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында су деңгейі қауіпті көрсеткіштен асып кетті, қалқыма көпір су астында қалды. Алдағы күндерде Есіл ауданының Покровка ауылында су жазық жерлерге жайылады.

Сергеев су қоймасындағы су 168 сантиметрге жеткен.

Соңғы жаңалықтар