Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. СҚО ІІД баспасөз қызметі «Астана-Петропавл» тасжолының 437 шақырымында, Аққайың ауданында Merсedes және «MAN» жүк көліктерінің соқтығысу фактісін растады. 

«Алдын ала дерек бойынша, Merсedes автокөлігінің жүргізушісі рөлді игере алмай, қарсы беттегі жолаққа шығып кеткен. Бұл факті ҚР ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне енгізілді», - деді Аққайың аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы Қуаныш Жұмағұлов.

Екі жүргізуші мен жолаушылардың бірі аудандық ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар