Солтүстік Қазақстанда азық-түлік, киім-кешек қымбаттады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында барлық топтағы тауарлар қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі статистика департаментіне сілтеме жасап.

Статистика қызметкерлері мамыр айында азық-түлік өнімдерінің бағасы - 3,8%, азық-түліктік емес тауарлардың бағасы - 2,4%, ақылы қызметтер 6,5%-ға артқандығын анықтады. Сонымен қатар, ет, алкогольсіз сусындар, жармалар және қант қымбаттаған. Жеміс-жидек, балық және теңіз өнімдері, сүт тағамдары және майдың бағасы сәл артқан. Ал жұмыртқаның бағасы керісінше,  12%-ға арзандады.

Солтүстікқазақстандықтардың киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдарына жұмсалатын шығыны да артты. Құрылыс материалдарының да бағасы қымбаттағандықтан, пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметінің де құны артты. Мейрамханаларға да бұрынғыдан артық төлеуге тура келеді.

Статистика департаментінің мәліметінше, жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі тұтынудың минималды көлемімен есептелді және ол мамыр айында 20 824 теңгені құрады. 

Соңғы жаңалықтар