Солтүстік Қазақстанда 200-ден астам автобус жүргізушісі жазаланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында үш күнде көлік басқарып келе жатып телефонмен сөйлескен 92 автобус жүргізушісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер автобус жүргізушілері құқықбұзушылығының алдын алу және оларды анықтау шараларын жандандырды. Үш күндік шаралар барысында олар 1249 жол ережесін бұзу фактісін анықтады. Әкімшілік хаттаманың 241-і қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты толтырылды.

«Жүргізушілер көбінесе ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 591-бабын («Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы») бұзған. Осындай дерек бойынша 92 хаттама толтырылды. 41 жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. 28 жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару фактісі тіркелді, 17 жүргізуші жылдамдықты арттырғаны үшін жазаланды», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаевтың сөзіне қарағанда, өткен жылы 674 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған.

Соңғы жаңалықтар