Солтүстік Қазақстан тұрғындарының шығыстары ұлғая түсуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаменті 2016 жылғы өңір тұрғындарының шығыстарын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департаменттің мәліметінше, үй шаруашылықтарын зерттеу деректеріне сәйкес халықтың ақшалай шығыстары орташа жан басына шаққанда 2016 жылы 496159 теңгені құрады. Бұл 2015 жылға қарағанда 14,7 пайызға жоғары. Тауарлар және қызметтер сатып алудың үлес салмағы барлық шығыстардың 87,8, туыстары мен таныстарына материалдық көмек және алименттер 6,5, салықтар, төлемдер және басқа төлемдер 0,2, кредиттер мен борыштарды өтеу 5,5 пайызды құрады.

Тұтынушылар бюджетінде азық-түлік тауарларына жұмсалған шығыстар 44,8, азық-түлік емес тауарлар 32,9, ақылы қызметтер 22,3 пайызды құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік тауарларына жұмсалған шығыстар сомасы 2016 жылы 195227 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21,6 пайызға ұлғайды. Азық-түлік тауарларына жұмсалған шығыстардың 88,2 проценті тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындарға, 4,5 проценті үйден тыс тамақтануға, 2,7 проценті алкогольді ішімдіктерге, 4,5 проценті темекі бұйымдарына жұмсалған. Тамақ өнімдеріне жұмсалған шығыстардың 25,9 процентін ет және ет өнімдері, 18,7 процентін нан өнімдері мен жарма өнімдері, 10,1 процентін қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілер, 9,2 процентін сүт өнімдері алады.

2016 жыл ішінде орташа есеппен бір облыс тұрғыны азық-түлік емес тауарларды сатып алуға 143087 теңге жұмсады. Азық-түлік емес тауарлар шығыстарының 32,8 процентіне киім-кешек, мата және аяқ киім алынса, 13,2 процентіне жиһаз, үй тұрмысының заттары мен тұрмыстық техника, 16,3 процентіне сұйытылған газ және отынның өзге де түрлерін, 17,1 процентіне автокөлік құралдары мен жеке көлік құралдары үшін жанар-жағармай материалдарын, 7,3 процентіне медикаменттер және сауықтыру жабдықтары мен аппаратура, 6,4 процентіне жеке бас тазалығына арналған тауарлар сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар