Солтүстік Қазақстан полициясында 50-ден астам ерлі-зайыпты жұп жұмыс істейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО ІІД-де Отбасы күнінде жас отбасылар сыйға бөленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі полиция кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің ішкі істер органдарында бүгінгі таңда 50-ден астам ерлі-зайыпты жұп қызмет етеді. «Отбасы мерекесінде бас қосып жатқанымызға биыл үшінші жыл. Өткен жылдары көп балалы отбасылар мен полицей отбасы жұптарына құрмет көрсетілді. Ал биыл жас отбасылар сыйға бөленуде, олардың кейбірінің отасқанына енді ғана бір айдан асқан», - дейді ІІД жанындағы консультативтік-мәжілістік органның мүшесі Бақытжан Самиева.

Шара ұйымдастырушысы отбасы құндылықтары, жанұядағы салт-дәстүрлер жайлы әңгімеледі. Шараға қатысушылар отбасында әке сөзінің бала-шаға үшін ең абыройлы ұғым екенін тілге тиек етті.

«Петропавл ІІБ инспекторы Әлішер Жармағамбетовтің отау тіккеніне 40 күн болды. Отбасылық тәжірибесі аз болса да, полиция лейтенанты берік отбасының қандай ұстанымдар негізінде құрылатынын жақсы біледі. Оған әкесі берген «Ер адамға екі нәрсе тән: оның аты мен сөзі» деген тәрбие отбасылық өмірінде де, мамандық таңдауына да негізгі ұстаным болды. Әлішердің өзі де әке жолын қуған. Ал жалпы Солтүстік Қазақстан полициясында 20-ға жуық полиция династиясы бар», - делінеді кеңсе баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар