Солтүстік Қазақстан облысында 4,9 мың көп балалы ана тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «25 жұлдызды күн» республикалық акциясының аясында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов көп балалы аналар мен түрлi салада қызмет атқарып жүрген әйелдермен кездестi, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Егемендiк алып, болашаққа құлаш сермеген тәуелсiз елiмiзде ұрпақ тәрбиесiне айрықша мән берiледi. Бала тәрбиесi - аса маңызды мiндет. Осы мiндеттi абыроймен атқарып, саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған сiздердiң еңбектерiңiз қандай болмасын құрметке лайықты», - дедi Ерiк Сұлтанов.



Кездесу барысында облыс әкiмi алты бала тәрбиелеп отырған Людмила Абросимоваға «Күмiс алқаны» тапсырды.



«Бұл шара отбасылық құндылықтарына арналған. Отан отбасынан басталады. Әрбiр қуатты, бiрлiгi жарасқан отбасы бiздiң елiмiздiң тiрегi. Отбасындағы басты құндылықтарды ұстап тұратын бұл әрине - ана. Ана - отбасының нәрi, гүлi, сәнi», - дедi еңбек ардагерi Қымбат Исманова.



Бүгiнгi таңда Солтүстiк Қазақстан облысында 4,9 мың көп балалы ана тұрады. Оның 468-i «Батыр ана» мәртебесiне ие.

Соңғы жаңалықтар