Солтүстік Қазақстан облысына 165,7 млрд теңге инвестиция тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысының экономикасына 165,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы өңір тұрғындарына есеп берген Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті.

«Былтыр Астана қаласында 33 дипломатиялық миссияның жетекшілерімен бизнесланч өткіздік. Осы кездесудің нәтижесінде Эстонияның, Германияның, Малайзияның, Швецияның, Қытайдың, Ресейдің және басқа да елдердің іскер топтарының өкілдері облысымызға іссапармен келіп, ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын талқылады. Жекелеген бағыттар бойынша қазірдің өзінде бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Инвесторлар үшін негізгі қызығушылық агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы машиналарын жасау салалары болып табылады», - деді ол есеп беру кездесуі барысында.

Әкімнің айтуына қарағанда, облыс демеуқаржы беру бойынша қол қойылған келісімдер саны жағынан республика өңірлері арасында 1-орында тұр.

«Кәсіпкерлер бизнестерін дамыту үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін белсенді пайдалануда. «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020», «Агробизнес - 2020», «Өнімділік - 2020», «Экспортер - 2020», тағы басқа салалық және үкіметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда», - деп атап өтті Е.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар