Соғыс ардагерінің санынан 73 жыл бұрын тиген оқ алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық дәрігерлер II Дүниежүзі соғысы кезінде жарақат алған ардагерге ота жасап, санына 73 жыл бұрын кірген оқты алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Қостанай қаласының тұрғыны Балтабай Қазиев Астана қаласының №1 ауруханасының көмегіне жүгінген. «Қария саным ауырып жүр. Аяғымды баса алмаймын деп айтты. Содан біз оны аяғын ренгенге түсірдік. Қарасақ, соғыс кезінде тиген оқ қалып қойған», - дейді хирургиялық инфекция және колопроктология бөлімшесінің дәрігері Сәуле Хамзина.
null 

Ұзындығы 2,5 сантиметр болатын оқ дәрі қарияның санында 73 жыл жүрген. Жарықшақтың айналасын тот басып, бұлшық еті іріңдей бастаған. Айта кетерлігі ардагер Қазиев қазір 93 жаста.

 

Соңғы жаңалықтар