Содырлар Мосулда 300-ге жуық адамды жазалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының (Қазақстан аумағында тыйым салынған) содырлары Ирактың Мосул қаласының оңтүстігінде 284 ер адам мен ұл балаларды жазалады

Олар алдында тірі қалқандар ретінде пайдаланылмақ болған. Бұл туралы Ирак барлауындағы CNN-ның дереккөзні мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат newsru.com-ға сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, жазалау актілері бейсенбі мен жұма күндері қаланың оңтүстік бөлігінде, бұрынғы ауыл шаруашылығы институтының аумағында өтті. Олардың барлығын атып өлтірген, кейін бульдозермен ортақ зиратқа күреп тастаған.

СNN бұл ақпарат әлі ресми расталмағандығын айтып отыр.

Жұма күні Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы «Ислам мемлекеті» тобы Ирактың Мосул қаласының маңындағы ауылдардың бірінде 40 бейбіт тұрғынды тұтқынға алғандығы туралы ақпаратты тексеріп жатқандығы хабарланған болатын. Бұған дейін БҰҰ «Ислам мемлекеті» тірі қалқандар ретінде пайдалану үшін бірнеше жүздеген отбасын тұтқынға алуы мүмкіндігін мәлім еткен болатын. Екі елді мекеннен 550 отбасы ұрланды.

Мосулды «Ислам мемлекетінен» азат ету операциясы 17 қазан күні таңертең басталды. Ирак үкіметі күштерінен бөлек, оған күрдтердің құрылымдары, сондай-ақ халықаралық лаңкестікке қарсы коалиция қатысуда.

 

Соңғы жаңалықтар