Сочиде ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қазан күні Сочи қаласында (Ресей Федерациясы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Онда саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ Достастық қызметінің басқа да негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған көптеген мәселелер қаралады. Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА ТМД Атқару комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шағын форматта Достастық аясындағы әрекеттестік туралы пікір алмасу, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы төрағалығы және ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысын өткізу күні мен орнын анықтау мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Кеңейтілген отырыста экономика, мәдени-гуманитарлық, қорғаныс саясаты, сыртқы шекараларды қорғау, лаңкестікке қарсы қимыл салаларындағы өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ Достастықты қазіргі заманның жаңа сындарына бейімдеуге бағытталған жобалар қаралады.

Соңғы жаңалықтар