Сочиде тікұшақ үйдің үстіне құлады, бір адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін РФ Сочи қаласының Адлерск ауданында жекеменшік тұрғы үйдің үстіне Eurocopter-AS350 тікұшағының құлауы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы алтауы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

«АС-50 тікұшағы Цимлянская көшесіндегі 37-үйдің шатырына құлады. Тікұшақ жартылай қирады, өрт болған жоқ, бірақ отын төгілді», - деп атап өтті агенттіктің сұхбаттасы.

Зардап шеккен бес адам үш түрлі ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі  - ауыр халде.

Тергеушілер екі нұсқаны қарастыруда - техникалық ақау және пилоттың қателігі. Құлаған тікұшақ «Ельцовка» жабық акционерлік қоғамына тиесілі.

Кешке түскен ақпаратқа сәйкес, аталмыш әуе апаты оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«РФ Тергеу комитеті Оңтүстік көліктегі тергеу басқармасының тергеу органдары Краснодар өлкесінің Адлеровск ауданында Еврокоптер АС-350 тікұшағының құлауы фактісі бойынша РФ ҚК 263-бабы 2-тармағына сәйкес (қозғалыс ережесін бұзу және абайсыздықта адам өліміне алып келген әуе көлігін пайдалану) қылмыстық іс қозғады»,  -делінген РФ Тергеу комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тікұшақ жолаушыларды тасымалдап келе жатқан. Компанияның оған тиісті рұқсаты болғанын, не болмағанын тергеу анықтайды.

Соңғы жаңалықтар