Сочи Олимпиадасындағы нәтижеден төмен болмау міндеті қойылды - Елсияр Қанағатов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кореяға аттанып бара жатқан спортшыларға Сочидегі нәтижеден төмен өнер көрсетпеу міндеті қойылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан құрамасын салтанатты түрде шығарып салу рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгін Алматыдағы АИБА Бокс академиясында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
null 

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы, сондай-ақ шаңғы спорты, биатлон, фристайл-акробатика мен фристайл-могулдан ұлттық құрама командалары қатысты. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов бүгінгі таңда 9 спорт түрінен 49 жолдамамыз бар екенін жеткізді.
null 

«Қазіргі уақытта бізде 9 спорт түрінен 49 жолдама бар. Бұл соңғы шешім емес, бір-екі күннен кейін толық тізім белгілі болады. Шаңғы спорт түрінен жолдама қосылады деген үмітіміз бар. Біздің құрама команда соңғы жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Спортшыларымыздың ұшу графигі билеттері де дайын. Құрама команда алдында тапсырма қойылды. Сочиде өткен олимпиададан нәтижеміз кем болмауы керек. Фристайл-могул, шаңғы спорт түрлері, коньки спорт түрлерінен үміт күтетіндей жақсы нәтижелеріміз бар», - деді Елсияр Қанағатов.

null 

Естеріңізге сала кетейік, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.
null null 

Соңғы жаңалықтар